Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Sara-Se сканерлеп дауыстап оқитын машинкасын қолдануды үйрену сабағы өтті.
Кітапханашы Айнаш Райқұлқызы қатысушыларға құрылғының барлық мүмкіндіктерін түсіндіріп, оның жұмыс істеу принципін көрсетті. Ол құрылғының мәзіріндегі тіл таңдау, оқу жылдамдығын реттеу, бірнеше бетті қатар сканерлеу, дауыстың түрін таңдау секілді негізгі функцияларын таныстырды. Сондай-ақ, пайдаланушылар құжаттарды сақтау, қажетті мәтінді жылдам табу және дыбыстық басқару мүмкіндіктерін де үйренді.
Сабақ барысында қатысушылар құрылғыны өз бетінше қолданып көріп, сұрақтарын қойып, практикалық дағдыларын шыңдады. Мұндай оқыту сабақтары зағип және нашар көретін азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға және олардың өздігінен кітап, құжат оқи алуына үлкен мүмкіндік береді.
|